Көкпен таласқан зәулім тау шыңдары мен ен даланың сұлулығы бүкіл әлемді жаратқан бір Құдайдың құдіреті мен ұлылығын есімізге салады. Біз Құдаймен қалай таныса аламыз? Киелі кітапта екі жол туралы жазылған: “Тар қақпадан кіріңдер! Себебі өлімге апаратын қақпа кең, жол да үлкен, сонымен жүретіндер көп.
Ал өмірге апаратын қақпа тар, жол да тар, оны аз ғана кісі тауып барады”. Құдай бізді өмірге апаратын осы жолға түссе, сөйтіп Өзімен танысса дейді. Ал біз бүгінгі жағдайда және соңғы жылдары басымыздан талай қиындықты өткіздік. Киелі кітапта былай деп жазылған: “Соңғы заманда қиын кездер келеді. Өйткені адамдардың сын-сипаты былай болады: өзімшіл, дүниеқоңыз, мақтаншақ, менмен, қара ниет, ата-ананың тілін алмайтын, рахметі жоқ, қасиетті білмейді, сүйкімі жоқ, ымырасыз, қаралағыш, өзін-өзі ұстай алмайтын, мейірімсіз, жақсылыққа жаны қас, опасыз, көзсіз батыр, маңғаз, Құдайдан гөрі қызыққа бейім.
Олар сырттай діндар болып жүреді, бірақ Құдаймен байланыстың құдіретін білмейді. Біз бүгін осындай қиын заманда өмір сүріп жатырмыз. Аталған ұятсыз нәрселердің біразын біз де істеп, ұятсыз ойларға берілген жоқпыз ба? Бір Құдай ғана қасиетті, барлық адамдар Құдайдан ажырап кеткен, оларды Құдайдан ажыратқан - адамның ұятсыз тілектері мен мінездері, бұлар Киелі кітапта күнә деп аталады. “Бәрі күнәға батып, Құдайдың өздеріне беретін ұлылығынан құралақан қалды”.
Күнә жасаған кісі - күнәның құлы, сондықтан ол кейінгі кезде көп қиыншылықты басынан өткізеді. Рухани өлім деген не? Өзіміз бен қасиетті Құдайдың арасындағы терең тұңғиықты жою үшін, біз өз бетімізше әр түрлі нәрсені істеп көреміз.
Қаншама көп қасіретті болып жатқан азғындықпен санашы. Сан жетпейді, сонда көріп, түңілер ең өмірден, Қаншама жан адасып жүр, опа бермес өткіншіге семірген. Қожасы осы дүниенің бар болмысын соқыр етіп қойыпты Сондықтан да азғындық көп, жағымпаздар, маскүнемдер елірген. Сиқы, міне, бұл дүниенің көз алдыңда көрнеу тұр, Қаншама жан шындық іздеп жаны егіліп жылап құр, әрі оқу |
---|