Көріп: "Иә, несі бар! Оған қалған түймелері жетеді. Көтеріп алып бермейтін шығармын енді! Болмашы нәрсе ғой!" -деп ойлайды. Дегенмен, ол түймені жерден көтеріп, әжені қуып жетіп, оған түймені береді. Мұнан соң бұл жайында ұмытып кетеді.
Бірнеше уақыттан кейін ол қайтыс болады және қараса, көз алдында таразы тұр екен: сол жағында — оны төмен тартып жатқан зұлым істері, ал оң жағында - ештеңе жоқ, бос екен! Ал зұлымдық жағы басым түсіп жатыр екен . Адам өз –өзіне "Эх, бұл жерде де жолым болмады ғой", — дейді. Содан соң, періштелер таразыға түймені салады... Және мейірімділік тостағаны зұлымдық тостағанын басып түседі."Шынымен осы бір түйме менің барлық зұлым істерімнен басым түсті ме? Мен қаншама игі істер жасадым, ал олар көрінбейді!" — деп таңқалды. Мұны естіген періште оған: "Сен игі істеріңмен мақтанғандықтан олар жойылып кетті! Ал ұмытылып кеткен дәл осы түйме, сені өлімнен аман сақтауға жеткілікті болды!"- депті. Ізгі істер игі істерде емес , мейірімді жүректе өмір сүреді “Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан – тәндеріңмен атқарындар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындықтарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың – Мәсіхтің Өзі ғой. Ал жамандық жасайтын әркім соның лайықты жазасын тартады. Мәсіх ешкімнің бет – жүзіне қарамай әділ үкім шығармақ.” (Қолостық.хат 3:23-25)