Жохан Исаның бүкіл әлемді жаратқанын айтады. Ал Петір Ол туралы былай дейді: «Барлық пайғамбарлар Иса туралы: «Оған сенген әркiмнiң күнәлары Оның арқасында кешiрiледi» дегенге алдын ала куәлiк келтiрген». Ал Иса Өзі туралы не айтты екен? Ол Өзін Құдаймын деді ме? Киелі кітаптың айтуы бойынша Ол дәл осылай деген! Төменде Исаның жер бетінде өмір сүргенінде айтқан кейбір сөздері келтірілген. Иса Құдай болып табыла ма? Исаның Құдайлық болмысын растауы: «— Сен әлі елуге де келген жоқсың, Ыбырайымды көрдiм дейсiң бе? — дедi олар. Иса оларға былай жауап бердi: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгi) Бар Болушы Менмiн! Сонда олар ашуланып, Оны тас лақтырып өлтiру үшiн жерден тас алды. Бiрақ Иса бiлдiртпей ғибадатханадан шығып кеттi» (Жохан 8:57-59). «Әкем Екеуiмiз бiртұтаспыз. Сонда дiндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтiру үшiн тағы да жерден тас алды. Иса оларға: — Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игi iстер iстедiм. Солардың қайсысына бола Менi тас лақтырып өлтiрмексiңдер? — деп сұрақ қойды. Дiндар яһудилер: — Сенi игi iсiң үшiн емес, Құдайды қорлағаның үшiн тас лақтырып өлтiрмекпiз. Сен адам бола тұра, Өзiңнен Құдай жасағың келедi! — дедi» (Жохан 10:30-33). «Иса дауыстап былай дедi: «Маған сенген кiсi Өзiме ғана емес, Менi Жiбергенге де сенедi. Менi көрген кiсi Менi Жiбергендi де көредi. Мен — Өзiме сенген әркiм қара түнекте қалмасын деп дүниеге келген «Құдайдың Нұрымын» (Жохан 12:44-46). «Шәкiрттерiнiң аяғын жуып, сырт киiмiн киiп, орнына отырғаннан кейiн Иса: — Сендерге не iстегенiмдi түсiнесiңдер ме? — деген сұрақ қойды. — Маған «Ұстаз», «Ием» дейсiңдер. Осылай атағандарың дұрыс, себебi Мен Солмын. Ал егер Мен Иелерiң және Ұстаздарың бола тұра, аяқтарыңды жусам, сендер де бiр-бiрiңе сондай қызмет көрсетуге тиiссiңдер!» (Жохан 13:12-14). «Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмiр Менмiн. Мен арқылы болмаса, ешкiм де Әкеге бара алмайды. Менi жақыннан танысаңдар, Әкемдi де бiлер едiңдер. Оны қазiрден бастап бiлесiңдер және көрдiңдер де, — дедi. — Мырзам, бiзге Әкенi көрсетiңiз, бiзге сол да жеткiлiктi, — дедi Фiлiп. Иса былай деп жауап бердi: — Мен көптен берi қастарыңдамын, сонда да Менi шынымен бiлген жоқсың ба, Фiлiп? Кiм Менi көрсе, соның Әкенi де көргенi. Бiзге Әкенi көрсетiңiз деп неге айтасың?» (Жохан 14:6-9). Иса Құдай ма? Исаның жеке Тұлға екенін растауы: «Ал Иса: — Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: көктен нан берген — Мұса пайғамбар емес; қазiр де көктен шынайы «нанды» берiп тұрған — Менiң Әкем. Себебi көктен түсiп, адамзатқа өмiр Берушi — «Құдайдың наны», — дедi. Олар: — Мырза, бiзге әрқашан осындай нан берiп тұрыңызшы! — дедi. Сонда Иса оларға былай дедi: — Шынайы өмiр сыйлайтын «нан» Менмiн. Маған келгендер рухани нәрден тарықпай, сенгендер ешқашан шөлдемейтiн болады» (Жохан 6:32-35). «Иса тағы бiр жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай дедi: — Мен дүние үшiн Нұрмын. Маған ерген кiсi ендi түнекте жүрмей, шынайы өмiрдiң Нұрына ие болады, — дедi. Сонда парызшылдар Оған: — Сен Өзiңе куәсың, сондықтан куәлiгiң жарамайды, — дедi. Иса былай деп жауап бердi: — Мен Өзiме куә болсам да, куәлiгiм жарап тұр. Себебi Мен қайдан келгенiмдi, қайда баратынымды бiлемiн. Ал сендер Менiң қайдан келгенiмдi, қайда баратынымды бiлмейсiңдер» (Жохан 8:12-14). «Сондықтан Иса сөзiн жалғастырып былай дедi: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: қойлар кiретiн «қақпа» Менмiн. Менен бұрын келгендердiң бәрi ұрылар әрi қарақшылар болатын. Бiрақ қойлар оларға бағынған жоқ. Мен «қақпамын», Менен кiргендер құтқарылады. Олар емiн-еркiн кiрiп-шығып, жайылым табады. Ұры ұрлап, сойып, құрту үшiн келедi. Ал Мен адамдар шынайы өмiрге ие болсын және өмiрi рухани игiлiкке толы ағыл-тегiл мол болсын деп келдiм. Мен «iзгi Бағушымын»: iзгi Бағушы қойлары үшiн жанын қияды» (Жохан 10:7-11). «Марта Исаға: — Ием, Сiз осында болсаңыз, бауырым өлмес едi! Бiрақ қазiр де не сұрасаңыз да, Құдайдың оны Сiзге беретiнiн бiлемiн, — дедi. — Бауырың қайта тiрiледi, — деп жауап бердi Иса. Сонда Марта: — Ақырғы күнгi қайта тiрiлуде оның да тiрiлетiнiн бiлемiн, — дедi. Ал Иса оған: — Қайта тiрiлу мен шынайы өмiр — Менмiн. Маған сенетiн адам өлсе де, шынайы өмiр сүретiн болады. Осылай өмiр сүрiп, Маған сенген әрбiр адам ешқашан да рухани өлмейдi. Бұған сенесiң бе? — дедi. Марта: — Иә, Ием, Сiздiң пайғамбарлар дүниеге келедi деп алдын ала айтқан Мәсiх, Құдайдың рухани Ұлы, екенiңiзге сенемiн, — дедi» (Жохан 11:21-27). Иса Құдай ма? Ол жерге... үшін жіберілгенін айтты: «Иса оларды шақырып алып, былай дедi: — Билеушiлерi қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелерi де соларға қатаң әмiр жүргiзедi, соны бiлесiңдер. Бiрақ сендердiң араларыңда ондай болмасын! Керiсiнше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелерiңе қызмет ете берсiн, қайсың ең бастыларың болғысы келсе, сол сендерге құл iспеттi қызмет ете берсiн! Осы сияқты Мен де Құдай тағайындаған Билеушi бола тұра Өзiме қызмет еткiзуге емес, Өзiм қызмет етiп, көптеген адамдардың азаттық төлемiн өтеу үшiн жанымды қиюға осы дүниеге келдiм». (Матай 20:25-28). «Олар сол жерден кетiп, Ғалилея арқылы жол жүрдi. Иса мұны ешкiмнiң бiлгенiн қаламады, себебi Ол шәкiрттерiне тәлiм берiп жүрдi. (Өз басынан өткiзетiндерi туралы) былай дедi: «Көктен келген Билеушiнi адамдардың қолына ұстап бередi. Солар Оны өлтiредi. Бiрақ содан кейiнгi үшiншi күнi Ол қайта тiрiледi». Шәкiрттерi бұл сөздердiң мағынасын ұғынбаса да, Исаға сұрақ қоюға батылдары бармады» (Марқа 9:30-32). «Өйткенi Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендiктен, Өзiнiң жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа бердi. Ендi Оған сенушi әркiм жаны тозаққа түспей, мәңгiлiк өмiрге ие болады. Құдай Өзiнiң рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жiбердi. Оған сенушiлер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтiндер әлдеқашан сотталған» (Жохан 3:16-18). «Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келедi, ал Мен Өзiме келгендердi ешқашан қуып жiбермеймiн. Көктен өз еркiмдi емес, Менi жiберген Әкемнiң еркiн орындау үшiн келдiм. Ал Әкемнiң еркi — Оның қарамағыма берген адамдарының бiрде-бiреуiн тозаққа түсiрмей, бәрiн де ақырғы күнi қайта тiрiлтуiм. Себебi Әкемнiң еркi мынау: Өзiнiң рухани Ұлын көрiп, Оған сенген барлық адамдарға мәңгiлiк өмiр сыйлауы. Мен соларды ақырғы күнi қайта тiрiлтiп аламын» (Жохан 6:37-40).