Адам Құдайдың бар екендігінің мүмкіндігін теріске шығарған жағдайда, кез келген дәлел қабылданбауы мүмкін. Бұл адамдардың айда болғанына сенуден бас тартумен бірдей. Осындай жағдайда ешбір ақпарат адам ойын өзгерте алмайды. Ай үстінде жүрген астронавтардың іздері, солармен болған сұхбат, айдан алынған тастар – осы дәлелдемелердің барлығының осы жағдайда еш құндылығы болмайды, себебі адамдар айда бола алмайды деп адам өзіне қорытынды жасаған. Құдайдың бар екендігі туралы сөз болғанда, Құдайдың бар екендігі туралы көптеген дәлелдемелерді көрген, бірақ сонда да Құдай туралы шындықтан бас тартатын адамдардың бар екенін Киелі кітап айтады. Екінші жағынан, Құдайдың бар екендігі туралы білгісі келгендерге Ол былай дейді: «Егерде Маған шын жүректен бет бұрып, мінажат етіп Мені іздесеңдер, табасыңдар. Сонда Мен сендерге Өзімді тапқызамын!» (Еремия 29:13-142). Құдайдың бар екендігіне байланысты айғақтарды зерттеместен бұрын, өзіңізге мынадай сұрақ қойыңыз: «Егер Құдай бар болса, Оны танып-білуді қалаймын ба?». Сонымен, төменде Құдайдың бар екендігін растайтын айғақтар келтірілген: Адамзаттың бүкіл тарихында, барлық мәдениеттерде, адамдар Құлдайдың бар екеніне сенімді болған Осы адамдардың барлығы қателесті деп кімде-кім толық сенімді түрде айта ала ма? Түрлі әлеуметтік, білімдік, сезімдік ортадағы миллиардтаған адамдар табынуға лайықты Құдайдың, Жаратушының, бар екенін растаған. «Шалғай жерлерде тұратын ең көне халықтардың арасында Құдайға деген ортақ сенімнің бар екеніне антропологиялық зерттеулер куәлік береді. Әлем халықтарының көне аңыз-әңгімелерінде Құдай туралы алғашқы түсінік Жаратушы-Құдаймен байланысты болды. Сол заманғы қоғам адамдарының саналарында шынайы Құдай өмір сүрді». Біздің планетамыздың күрделі құрылымы осы планетаны жаратып қана қоймай, сонымен қатар күні бүгінге дейін оны қолдап тұрған Жаратушының бар екеніне меңзейді Құдайдың жоспары туралы куәлік беретін шексіз мысалдарды келтіруге болар еді. Солардың тек бірнешеуін келтірейік: Жер... мінсіз көлемі бар. Жер көлемі мен тартылыс күші жер бетінен 80,46 шақырым биіктікке таратылатын азот пен оттегінің жұқа қабатын ұстап тұрады. Егер жер көлемі сәл кішірек болған болса, онда Меркурий планетасындағы сияқты жер бетінде атмосфераның болуы мүмкін болмас еді. Егер жер үлкенірек болған болса, онда жер атмосферасында Юпитердегі сияқты еркін сутегі болған болар еді. Жер - құрамында өсімдік, жануарлар мен адамзат өмірі үшін қажетті газдары бар атмосферамен қамтамасыз етілген бізге белгілі жалғыз планета. Жер күннен дұрыс арақашықтықта орналасқан. Жер бетінің температурасы -34-тен 49 градус Цельсий шкаласы бойынша. Егер жер күннен сәл алысырақта орналасқан болса, онда біз қатып қалған болар едік. Егер жақынырақ орналасқан болса, өртеніп кеткен болар едік. Тіпті күнге қатысты жердің кішкене ғана ауытқуы жер бетінде өмірдің болмауына әкелуші еді. Жер күннен мінсіз арақашықтықты сақтап тұр, күннің айналасынан сағатына 107 821 шақырым айналады. Сонымен қатар, жер бірқалыпты қозғалып, күнделікті жер бетінің жеткілікті түрде жылуына және сууына мүмкіндік береді. Ай да мінсіз көлемді, әрі жерден тартылыс күші мінсіз арақашықтықта. Ай мұхит суларына қажетті толып-азаюды жасайды. Сонымен қатар ай мұхит суларының құрылыққа таралуына кедергі жасайды. Су... түссіз, дәмі мен иісі жоқ зат. Осы затсыз ешбір тіршілік иесі өмір сүре алмайды. Өсімдіктер, жануарлар мен адамдар көбіне судан құралады (адам организмінің 2/3 бөлігін су құрайды). Су қасиетінің өмір үшін неліктен мінсіз сай келетіні әбден түсінікті: судың қайнау және салқындау температурасы ғажап. Су адам денесінің температурасын 36,6 С сақтап, температураның ауытқуында өмір сүруімізге мүмкіндік жасайды. Су тамаша еріткіш болып табылады. Егер бір кесе су алып, оған бір кесе қант салсаңыз, кесенің сыртына су еш төгілмейді, су қантты өзіне сіңіріп алады. Судың осы қасиеті мыңдаған химиялық заттардың, минералдардың адам денесімен өтуіне мүмкіндік жасайды. Су сондай-ақ химиялық жағынан бейтарап. Заттың химиялық құрамына араласпай, ол тағамның, дәрі-дәрмек пен минералдардың организмге сіңуіне және қорытылуына мүмкіндік жасайды. Судың жоғарғы қабатының тартылуы бар. Осының арқасында, су өсімдіктің тамырынан жоғары қарай қозғала алады. Су жоғарыдан төмен қарай қатады, балықтың қыс кезінде суда өмір сүруіне мүмкіндік береді. Жер бетінің 97 пайызы мұхиттарда шоғырланған. Алайда, жер бетінде су құрамынан тұзды алып тастап, сосын осы суды бүкіл жер шарына таратып жіберетін жүйе бар. Мұхиттың тұзды суы булануға қатысып, бұлттар пайда болады да, олар желмен оңай қозғалып, өсімдікке, аңдар мен адамға қажетті суды жер бетіне таратады. Мұнда жер бетінде өмірді қолдап тұратын су айналымы жүйесі туралы сөз болып отыр. Адам миының құрылымы осының артында тұрған даналы Жаратушының бар екенін дәлелдейді Адам миы... бір мезетте үлкен көлемді ақпаратты қабылдай алады. Адам миы өзіңіз көріп тұрған барлық түстер мен объекттерді, қоршаған ортаның температурасын, едендегі аяқ қысымын, айналамыздағы дыбыстарды, аузымыздың құрғауын қабылдайды. Ми сезімдік әрекеттерді, ойлар мен естеліктерді тіркейді. Сонымен қатар, ми денеңіздегі өтіп жатқан барлық үрдістерді – демалуды, қастарыңыздың қозғалуын, аштық сезімін, қол бұлшық еттеріңіздің қозғалысын – қадағалайды. Адам миы секундына миллионнан астам хабарларды қабылдайды. Миыңыз барлық ақпараттардың маңызыдылығын өлшеп, маңызды еместерін алып тастайды. Осындай таңғажайып мүше кездейсоқ пайда болған деп айта аламыз ба? НАСА ғарышқа сапар ұйымдастырғанда, жоспарды маймыл емес, қайта білімді мамандар құрған делінеді. Адам миының бар екенін адам қалай түсіндіре алады? Адамның ақыл-санасынан да жоғары ақыл иесі адам миын құрастыра алады. 4. Кездейсоқтық – жеткіліксіз түсіндірме Вашингтонның, Джефферсонның, Линкольн мен Теодор Рузвельттің бейнесі қашалған Рашмор тауын көз алдыңызға елестетіңізші. Осы бейнелердің сонда кездейсоқ пайда болғанына сенер ме едіңіз? Тіпті белгілі бір уақыттың, жел мен жаңбырдың арқасында пайда болған деп болжап көрсек те, тарихқа байланысты осындай нәрсенің тауда өздігінен қалыптасуына сену қиын. Ақыл-санамыз осы бейнелерді адамдар жоспарлап, қашап салған дейді. Осы мақала біздің әлеміміздің тек бірнеше таңғажайып салаларын ғана қозғайды: жердің күнге қатысты орналасуы, судың кейбір қасиеттері, адам денесінің тек бір ғана мүшесі. Осы құбылыстардың бірі өздігінен кездейсоқ пайда бола алды ма? Танымал астроном Сэр Фридерик Хойл адам клеткасындағы аминокислоттардың кездейсоқ қосындысының математика тарапынан мүлдем қате екенін көрсетті. Ол осындай кездейсоқтың мүмкін емес екенін келесі жолмен суреттеді.Сұрапыл боранның Бойнг 747 ұшағының барлық қосалқы бөлшектері бар ескі қойманың үстімен өтіп, осы бөлшектерден кездейсоқ ұшақ құрастырып, ұшуға дайындап қоятынының мүмкіндігі қандай? Мұның мүмкіндігі өте төмен, бұған көңіл бөлудің де қажеті жоқ.9 Өмір мен әлемнің қалыптасуы туралы ойланып, өмірге қажетті барлық нәрселермен Жаратушы қамтамасыз етті деп санау тұрарлық. Киелі кітап Құдайды жер бетінің туындыгері деп атайды. 5. Құдай Өзін тек табиғатта және адамзат өмірінен байқай алатын нәрселерде ғана ашқан жоқ Құдай Өзін Киелі кітапта бұдан да анық көрсетті. Біз Құдайдың ойларын, жеке тұлғасын, қарым-қатынасын тек Өзі бізге ашуды қаласа ғана біле аламыз. Қалғандарының барлығы тек адамның болжауы ғана. Егер Құдай біздің Өзін білгенімізді қаламаса, онда біздің жағдайымыз нашар болушы еді. Бірақ Құдай біздің Өзін білгенімізді қалайды, сондықтан Ол Киелі кітапта біздің Ол туралы, Онымен қарым-қатынас туралы білуіміз қажетті нәрселерді Өзі ашып берді. Осының барлығы Киелі кітаптың шынайылығы туралы бізді ойландыруы қажет. Археологиялық қазбалар Киелі кітаптың дәлдігін теріске шығармайды, қайта растауын жалғастыруда. Мысалы, 1993 жылдың тамызындағы солтүстік Исраилдегі археологиялық қазбалар Киелі кітаптағы көптеген жырлардың туындыгері Дәуіт патшаның болғанын растады. Өлі Теңіз көне жазбалары және басқа да көптеген ашылулар Киелі кітаптың тарихи шынайылығын дәлелдейді. Киелі кітап 1500 жылдан астам аралықта, түрлі жерлер мен континеттердегі 40 туындыгерлермен, үш тілде, тарихтың түрлі кезеңдерінде түрлі мәселелерді қозғап, жазылған.11 Сонда да Киелі кітап тақырыбының тұрақтылығы байқалады. Бүкіл Киелі кітапта бір тақырып көрінеді: 1. Құдай біз өмір сүріп жатқан әлемді жаратқан, сонымен қатар Ол бізді Өзімен қарым-қатынаста болуымыз үшін жаратқан. 2. Ол бізді қатты сүйеді. 3. Ол киелі, сондықтан күнәкар адамдармен қарым-қатынаста бола алмайды. 4. Құдай күнәларымыздың кешірілуінің жолымен қамтамасыз етті. 5. Ол бізге Өзінің құтқаруын алуымызды және мәңгілікке созылатын қарым-қатынасты орнатуымызды ұсынады. Осы басты тақырыптармен бірге, Киелі кітап бізге Құдайдың мінез-құлқын ашып береді. Забур жырлары 144 тарауды бізге қатысты Құдайдың ойлары мен сезімдерінің суреттемесі деп санауға болады. Егер Құдайды танып-білгіңіз келсе, Ол осында. Құдайдың барлық басқа ашылуларынан қарағанда, Иса Мәсіх Құдайдың ең анық әрі нақты бейнесі болып табылады Неліктен Иса? Әлемнің негізгі діндерін қараңызшы, осында Будда, Мұхаммед, Конфуций және Мұса өздерін ұстаз әрі пайғамбармыз деп атаған. Солардың ешқайсысы өздерін Құдайға теңемеген. Міне осы Исаны басқалардан ерекшелендіреді. Ол Құдайдың бар екенін, әрі Оны көріп тұрғандарын айтады. Ол көктегі Әкесі туралы айтса да, Ол Құдайдан бөлек емес, қайта біртұтас екенін көрсетті. Иса Өзін көрген кез келген адамның Құдайды көргенін, кім Оған сенсе, Құдайға да сенетінін айтты. Ол былай деген: «Мен дүние үшiн Нұрмын. Маған ерген кiсi ендi түнекте жүрмей, шынайы өмiрдiң Нұрына ие болады, — дедi». Ол тек Құдайға тән болмысқа ие екенін айтты: адамдардың күнәларын кешіре алатын, күнәкар әдеттерден арылта алатын, шынайы өмірді бере алатын және көктегі мәңгілік өмірді бере алатын. Өз сөздеріне құлақ асқызуға тырысқан басқа ұстаздарға қарағанда, Иса адамдарға Өзін көрсетті, ол «Менің сөздеріммен жүр, сонда ақиқатты білесің» деген жоқ». Ол былай деген: «Жол, шындық және шынайы өмiр Менмiн. Мен арқылы болмаса, ешкiм де Әкеге бара алмайды».13 Иса Өзінің Құдайлық болмысын растау үшін қандай дәлел келтіреді? Ол адамдар істей алмайтын нәрселерді жасады. Иса ғажап істерді жасады. Ол адамдарды сауықтырды: ауруларды, мүгедектерді, саңырауларды, тіпті бірнеше адамды өлімнен тірілтті. Ол заттардың үстінен билік жүргізді: бірнеше мыңдаған адамды тамақтандыруға жететін тағамды ауадан жасады. Ол табиғаттың үстінен кереметтерді жасады: өзеннің үстімен жүріп өтті, достарын құтқару үшін желге тиым салды. Адамдар барлық жерде Оның соңынан ерді, себебі Ол мүмкін емес нәрселерді жасап, олардың мұқтаждықтарын үнемі қамтамасыз етіп отырды. Ол былай деген: Ал егер Мен оларды iстеп жүрсем, Өзiме сенгiлерiң келмесе де, iстеген iстерiме сенiңдер! Осылай сендер Әкемнiң Менiмен, Менiң Әкеммен тығыз байланыста екенiмiздi түсiнесiңдер. Құдайдың жеке тұлғасы туралы Иса не ашты? Адамзатқа байланысты Құдайдың ойлары, күтулері, сезімдері туралы бізге не ашылды? Иса Мәсіх Құдайдың мейірімді және сүйіспеншілікке толы екенін, біздің өзімшілдігіміз бен кемшіліктерімізді білетінін айтты. Соған қарамастан Ол бізбен қарым-қатынасқа түскісі келеді. Құдай біздің күнәкар екенімізді, жазаға лайықты екенімізді көрсе де, Оның сүйіспеншілігі үстем болып, Ол басқа жоспарды ойлап шығарды. Құдай біздің күнәларымыздың жазасын Өзіне қабылдау үшін Өзінің рухани Ұлын жіберуді шешті. Иса осы жоспарды Өз еркімен қабыл алды. Исаны азаптады, ұшына тоғыз өткір темірлер байланған қамшымен сабады. Оның басына тікенді «тәжіні» кигізді. Сосын Оның аяқ-қолын айқыш ағашқа шегемен шегеледі. Осы шегелер Оны айқыш ағашта ұстап тұра алмады. Біздің кешірім алуымыз үшін Иса біз үшін құрбан болды. Адамзатқа белгілі барлық діндердің арасынан тек Иса арқылы ғана Құдайдың адамзатты құтқарғысы келетінін көресіз. Иса Құдайдың сүйіспеншілікке толы жүрегін көрсетеді, біздің мұқтаждықтарымызға жауап береді, бізді Өзіне тартады. Исаның құрбандық өлімінің арқасында біз кешірімге ие бола аламыз, Құдайдың қабыл алуына және сүйіспеншілігіне ие бола аламыз. Құдай былай дейді: «Жаратқан Ие бізге ежелде аян беріп былай деген еді: Сендерге деген сүйіспеншілігім мəңгілік, берік мейіріміммен сендерді Өзіме баурап келемін».15 Әрекет етуші Құдай, міне, осындай. Исаның Құдай екендігінің ең сенімді дәлелі – бұл Мәсіхтің ғажап ісін мұқият зерттеу – Оның өлімнен қайта тірілуі. Иса үш күннен кейін өлімнен қайта тірілетінін айтты. Үшінші күні оның қабірінің есігін жауып тұрған салмағы екі тонна тас домаланып алынып тасталды.16 Қарауылда тұрған Рим жауынгерлері жарқыраған нұр мен періштелердің пайда болғанын көрді. Қабір бос қалды, онда тек Мәсіхті жерлегендегі киімдер ғана қалды. Ұзақ жылдар аралығында Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуінің тарихи және логикалық сараптамалары жасалды. Исаның өлімнен қайта тірілуі күні бүгінге дейін ең шынайы қорытынды болып табылады. Егер Құдайдың бар ма екенін білгіңіз келсе, Иса Мәсіхтің жеке тұлғасын зерттеуді бастаңыз. Бізге былай делінген: «Өйткенi Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендiктен, Өзiнiң жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа бердi. Ендi Оған сенушi әркiм жаны тозаққа түспей, мәңгiлiк өмiрге ие болады».17 Құдаймен қарым-қатынасты орнатуды және Оның сізді қабылдағанын қалайсыз ба? Осы шешім тек сіздікі ғана, бұған ешкім де сізді күштемейді. Бірақ егер сіз Құдайдың кешірімін алуды және Онымен қарым-қатынасты орнатуды қаласаңыз, сіз мұны дәл қазір жасай аласыз, тек Оның сізді кешіруін және өміріңізден орын алуын сұраңыз. Иса былай деген: «Мiне, Мен есiк алдына келiп, қағып тұрмын. Кiмде-кiм даусымды естiп, есiк ашса, Мен оның жан дүниесiне енiп, онымен бiрге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менiмен тығыз байланыста болады». 18 Егер осыны істеуді қаласаңыз, бірақ сөзбен қалай айтып жеткізуді білмесеңіз, келесі сөздер сізге көмек береді. «Иса, менің күнәларым үшін құрбан болғаныңа алғыс айтамын. Сен менің өмірімді білесің, менің кешірімге мұқтаж екенімді білесің. Мені дәл қазір кешіріп, өмірімнен орын алшы деп сұраймын. Менімен қарым-қатынаста тұрғың келетіні үшін алғыс айтамын. Аумин». Құдай сіздің Өзімен қарым-қатынасыңызды тұрақты деп санайды. Иса Мәсіх Өзіне сенім артқандарға былай деген: «Өз «қойларым» даусымды естiп, бағынады. Мен оларды жақсы бiлемiн, олар Маған ерiп жүредi. Соларға мәңгiлiк өмiр беремiн. Олар ешқашан құрымайды, ешкiм оларды Менiң қолымнан тартып алмайды».